Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 50 мәдениет қайраткері стипендия иегері атанды. Олардың арасында белгілі ақын Серік Ақсұңқар, ақын Асылзат Арыстанбекқызы, драматург Ахметжан Әшіров, ақын Айтақын Әбіқалов, ақын Ақұштап Бақтыгереева, жазушы Қастек Баянбай, жазушы Болат Бодаубай, қоғам қайраткері, түркітанушы ғалым Александр Гаркавец, ақын, сазгер, фольклоршы ғалым Асқар Дүйсенбі, ақын Нұртас Исабаев, ақын Әбубәкір Қайран, ақын Сұлтан Қалиев, ақын Назира Бердалы, ақын Бауыржан Қарағызұлы, ақын Надежда Лушникова, ақын Вильям Молотов, ақын Иранбек Оразбаев, жазушы Қадірбек Сегізбай, ақын Роза Сейілхан, әдебиеттанушы Жұмагүл Солтиева бар.
Сонымен қатар, жазушы Төлек Тілеуханов, жазушы, ақын, сазгер, тарихшы, этнограф Абай Тыныбеков, ақын Надежда Чернова, сыншы Тұрсынжан Шапай, ақын Любовь Шашкова стипендия иегері атанды.
Стипендия иегерлерінің қатарында суретші Анар Әбжанова, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шахимардан Әбілов, режиссер Әлия Баймаханова, балет әртісі Әйгерім Бекетаева, театр және кино актері Қасымхан Бұғыбай, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаев, опера солисті Жұпар Ғабдуллина, актер Еркебұлан Дайыров, актер Қадірбек Демесін, актриса Аида Жантілеуова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Баян Имашева, актер Мейрам Қайсанов, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері Айгүл Қосанова, балет ардагері Эдуард Мальбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ринат Мусин, режиссер Назым Өтеулинова, ҚР еңбек сіңірген әртісі Қанат Омарбаев, тележүргізуші Ольга Спирина, киноактриса Әлия Телебарысова, балет солисті Жанель Түкеева, сазгер Жоламан Тұрсынбаев, халық әртісі Сара Тыныштығұлова, пианист Тимур Орманшиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жәңгір Үмбетов, әнші Біржан Хасанғалиев те бар.