2014 жылы Алматы метрополитенін күтуге 5 млрд теңге қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2014 жылы Алматы метрополитенін күтуге 5 млрд теңге қажет

2014 жылы Алматы метрополитенін күтуге 5 млрд теңге қажет

2014 жылы Алматы метрополитенін күту үшін бюджеттен 5 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы сейсенбі күні журналистерге қала басшысының орынбасары Юрий Ильин мәлім етті.

  • 24 Желтоқсан 2013
  • 316
Фото - Caravan.kz

«2014 жылы жергілікті бюджеттен дотация бөлуді көздеп отырмыз. Бұрын метрополитенді күтуге кететін шығын республикалық бюджеттен бөлінген болатын», — деді Ю.Ильин.

Әкімдік мәліметінше, пайдалануға берілген екі жыл ішінде метро 1 млрд теңгеден астам пайда тапқан.

«Әлемдік тәжірибеде қай елде болса да метрополитен дотациялық схема бойынша қаржыландырылады. Өйткені, шығын көп шығады, ол тіпті, жолаушысы көп үлкен қалаларда да өзін-өзі жаппайды», — деді Ю.Ильин.

Оның айтуынша, келесі жылы метрополитенге жарнама орналастыру арқылы 100-120 млн теңге пайда табу көзделген.


Алматы метросы екі жылда 13 млн астам адам тасыған. Күн сайын жерасты жолын 24 мың жолаушы пайдаланыд екен.