2014 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша журналистерге арналған салалық магистратура іске қосылады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2014 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша журналистерге арналған салалық магистратура іске қосылады

2014 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша журналистерге арналған салалық магистратура іске қосылады

«Болашақ» бағдарламасы аясында БАҚ қызметкерлеріне арналған салалық магистратура іске қосылады. Журналистер әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алды, деп мәлім етті ҚР БҒМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Саясат Нұрбек Рrimeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында.

  • 20 Тамыз 2013
  • 497
Фото - Caravan.kz

«2014 жылдың ақпанынан бастап журналистерден жаңадан құжаттар қабылдана бастайды. Қазір бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкері, БАҚ редакциясының қызметкері деген жаңа ұғымды енгізбекшіміз. Яғни, БАҚ туралы заң бойынша барлық БАҚ қызметкерлеріне заңды негізде «Болашақ» бағдарламасына қатысуға мүмкіндік беріледі, БАҚ қызметкерлеріне салалық магистратура, сондай-ақ салалық сынақ мерзімінен өту мәселесі ескеріледі», — дейді С.Нұрбек.

Сонымен қатар, қазіргі кезде магистратураны іске қосу үшін нормативтік-құқықтық базаға және заңға тәуелді актілерге өзгерістер енгізіліп жатыр, бұл жұмыс ағымдағы жылы аяқталады.

Биылғы жылы БАҚ қызметкерлерінің пилоттық тобы сынақ мерзімінен өту үшін шетелге жіберілгенін атап өту керек. Олардың арасында инженерлік-техникалық мамандар, видеоинженерлер, видеооператорлар, акустиктер және техникалық блоктардың меңгерушілері бар.


Жалпы, техникалық мамандар Санкт-Петербордағы радиоэлектроника институтында, Нью-Йорк фильм академиясында Universalsstudios базасында және ВВС арнасында білім алып жатыр.

Өз кезегінде БАҚ редакциясының қызметкерлері АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Канада және Германияның жетекші университеттерінде магистратураға түсе алады және сынақ мерзімінен өте алады.