2014 жылы ҚР-ның мұнай-газ саласындағы қазақстандық үлес 54%-ға жетті - В.Школьник - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2014 жылы ҚР-ның мұнай-газ саласындағы қазақстандық үлес 54%-ға жетті - В.Школьник

2014 жылы ҚР-ның мұнай-газ саласындағы қазақстандық үлес 54%-ға жетті - В.Школьник

2014 жылдың қорытындысы бойынша елімізде мұнай-газ компаниялары сатып алған өнімдер, жұмыс және қызметтердің  үлесі 54%-ға жетті. Оның сомасы 1,5 трлн теңгеден асты, деп хабарлады энергетика министрі Владимир Школьник Маңғыстау облысында өткен жиында.

  • 5 Ақпан 2015
  • 338
Фото - Caravan.kz

«Ақтаудағы аймақтық жергілікті қамту мәселесі жөніндегі форум аясында ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен, Маңғыстау облыстық әкімдігі мен  жер қойнауын пайдаланушылар арасында сомасы 300 млрд. теңгеден астам болатын меморандумға қол жеткізілді», — деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің сайты облыс әкімдігіне сілтеме жасап.  

«Бүгінгі қол қойылған меморандумдар отандық тауар өндірушілерді қолдау мен жұмыс орындарын сақтауға бағытталған», — деді В. Школьник.

Құжаттарға қол қою барысында министр мұнай-газ компаниялары сомасы 3 трлн. теңгеден асатын өнімдер, жұмыстар және қызметтерді сатып алғанын және оның 54%-ы отандық кәсіпорындарға тиесілі екенін атап өтті.  

Министр өткен жылдың соңында Елбасы Нұрсұлтан Назварбаевтың Жолдауына сәйкес 2020 жылға дейінгі «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы жасалғанын еске салды.  


Сондай-ақ ол, қазақстандық үлесті ұлғайту саясаты отандық бизнесті қолдау ісіндегі маңызды шаралардың бірі екенін атап өтті.

«Қазір елдің әр аймағының экономикалық салаларының субъектілері  бірігіп, бір жүйеде жұмыс істейтін уақыт келді», — деді Энергетика министрі Владимир Школьник.