2014 жылы Ресей мен Қазақстан арасында тауар айналымы артады деген болжам бар - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2014 жылы Ресей мен Қазақстан арасында тауар айналымы артады деген болжам бар

2014 жылы Ресей мен Қазақстан арасында тауар айналымы артады деген болжам бар

Ресейдің Сауда-өнеркәсіптік палатасының аймақтық өкілі Виктор Жигулин 2014 жылы Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасында тауар айналымы 10% артады деп болжап отыр.

  • 10 Маусым 2014
  • 483
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол сейсенбіде V мерейтойлы "Expo-Russia Kazakhstan 2014" өнеркәсіптік көрмесіне арналған баспасөз мәслихатында айтты.

"Адамдарға, басқа да жағдайларға қатысты қолданылып отырған санкциялар қатты ықпал етпесе де, біз оны сезініп отырмыз. Мәселен, ресейліктер кондитерлік өнімдерді украиналық жақтан емес, Қазақстанға келіп алады. Қазақстандық өнімнен алкоголь, макарон өнімдері, ұн, құс еті өтеді. Яғни, санкцияларды ескерер болсақ, біз қазақстандық тауарларды көбірек алуға мүдделі боламыз", деді В.Жигулин.

Алдында Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев 2013 жылдың нәтижелері бойынша Қазақстанның РФ мен Беларусия арасындағы сауда айналымы 24 млрд доллардан асты, деп мәлімдеген болатын.

V мерейтойлы "Expo-Russia Kazakhstan 2014" өнеркәсіптік көрмесі Алматыда 11-13 маусым аралығында өтеді, оның аясында Алматылық бизнес-форум өтпек, оның тақырыбы "Кеден одағы шеңберінде тауар, қызмет, капитал, жұмыс күшінің еркін қозғалуы: тәуекелдіктер, проблемалар, шешімдер" деп аталады.


Көрмеге 192 компания тіркелген, олар экономиканың энергетика және энергия үнемдеуші технологиялар, мұнай химиясы және газ өнеркәсібі, тау-кен өнеркәсібі, металлургия, машина құрылысы, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы, орман өнеркәсібі, телекоммуникация және байланыс, медицина және фармацевтика, білім және инновациялық технологиялар секілді салаларында жұмыс істейді.