«Мобильді кеңсе дегеніміз – күнделік, атқарылатын міндеттер, пошта, чат. (…) Ол жұмыс орнына бармай-ақ планшетті пайдалану арқылы хаттарға қол қоюға мүмкіндік береді. Мәселен, мемлекеттік қызметкер, жетекші парламентке немесе үкіметке барар жолда-ақ бұл құжаттарға қол қоя алады», — деп жұма күні «электронды үкіметті» дамытуға арналған жиында Инвестиция және даму вице-министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.
Оның айтуынша, мобильді жұмыс орны ақпараттық қауіпсіздіктің барлық талаптарына жауап береді және ведомстволар басшылары мен қызметкерлері атқаратын жұмыстың тиімділігін арттырады.