2015 жылдың нақтыланған бюджетінде ауыл шаруашылығына қосымша 20 млрд. теңге қарастырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2015 жылдың нақтыланған бюджетінде ауыл шаруашылығына қосымша 20 млрд. теңге қарастырылды

2015 жылдың нақтыланған бюджетінде ауыл шаруашылығына қосымша 20 млрд. теңге қарастырылды

Биыл ауыл шаруашылығын қаржыландыру қосымша 20 млрд. теңгеге артады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Парламент Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет төрағасы Ромин Мадинов мәлім етті.

  • 18 Ақпан 2015
  • 584
Фото - Caravan.kz

«Парламент Мәжілісіне 2015 жылға бюджетті нақтылау туралы заң жобасы келіп түсті. Осы орайда ҚР Ауыл шаруашылығы желісі бойынша қаржыландыру 20 млрд. теңгеге артқанын айтқым келеді. Яғни, Үкімет пен Парламент қазіргі экономикалық жағдайда бірінші кезекте ауыл шаруашылығын қаржыландыру керектігін жақсы түсініп отыр», — деді депутат.

Бұл тұрғыда ол тарихи тәжірибеге сүйене отырып, күрделі экономикалық ахуалдан ауыл шаруашылығы саласы оң көрсеткіштермен шығатындығын атап өтті.

«Естеріңізде болса, 2008 жылы әлемдік дағдарыс кезінде бірінші кезекте Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы 2008-2009 жылдардың қорытындысы бойынша өсімді көрсетті», — деп тоқталды халық қалаулысы.