2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына қарай төленетін мемлекеттік жәрдемақы көлемі 7 пайызға артады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына қарай төленетін мемлекеттік жәрдемақы көлемі 7 пайызға артады

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына қарай төленетін мемлекеттік жәрдемақы көлемі 7 пайызға артады

Балалы отбасыларға төленетін жәрдемақы көлемі жыл сайын 7 пайызға артуда. Бұл туралы  ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің селекторлық режімдегі алқа отырысында осы ведомствоның басшысы Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарланды баспасөз қызметінен.

  • 13 Желтоқсан 2014
  • 887
Фото - Caravan.kz

Министрдің сөзіне қарағанда, жыл сайын 380 мың ана және 700 мыңдай бала 5 түрлі жәрдемақы алады. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына қарай төленетін мемлекеттік жәрдемақы көлемі 7 пайызға артады. Ал 2015 жылғы 1 шілдеден бастап мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және асыраушысынан айырылған отбасыларға төленетін жәрдемақы көлемі 7 пайызға көбейіп, ол 630 мың адамды қамтиды. Осылайша аталған жәрдемақылардың жалпы өсімі 2013 жылмен салыстырғанда 50 пайызға жетеді.

 «2017 жылғы 1 қаңтардан бастап төменгі күнкөріс деңгейі 2014 жылмен салыстырғанда 34 пайызға артады. Нәтижесінде базалық зейнетақы төлемдерінің көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 17 пайызға өседі», — деді Т.Дүйсенова.