Қазақстанда биыл 1324 әскери қызметші үй алады, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Дүйсенбіде таралған ақпаратқа қарағанда, пәтерлер Астана, Алматы, Өскемен, Семей, Талдықорған, Қызылорда, Қарағанды, Тараз, Шымкент, Павлодар, Қостанай, Жаркент, Теміртау , Аягөз қалаларында және Гвардейский, Сарыөзек, Бауыржан Момышұлы, Отар, Арнасай, Ақмола елдімекендерінде күрделі құрылыс, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ сатып алу есебінен берілмек.
Қазақстанда заңға орай тұрғын 2013 жылдың 1-қаңтарына қарағанда үйге мұқтаж, келісімшартқа орай 10 жылға дейін еңбек еткен әскери қызметшілерге қызмет бабында үй беру көзделген, ондай үймен қамтамасыз етілгенше, басқа үйді жалға алғандығы үшін ақы төлеу қарастырылған. Қорғаныс министрлігінде қазір осы жүйемен қатар жалға берілетін үй алу, оны артынан министрліктің меншігіне сатып алу мәселесі қаралуда.