Саябақ аумағының ортасында жарықпен және музыкамен сүйемелденетін субұрқақ болады.
Сонымен қатар, саябақ аумағында спорттық, балаларға арналған ойын-сауық алаңдары ашылады. Парк жоспарын жасау кезінде көшеттер отырғызу жүйесінің негізгі қағидаттары негізге алынды, оған адамдарға паркте таза ауада демалуға ең қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ұйымдастырылған табиғи (рельеф, өсімдік, су) және жасанды (сәулеттік-инженерлік құрылыстар) компоненттердің жиынтығы жатады. Парк құрылысында қылқан жапырақты ағаштар, бұталар, гүлзарлар отырғызу көзделген.
Айта кетейік, саябақ аумағының құрылысы қаржының бөлінуіне қарай 2015 жылдың басында жоспарланып отыр.