2016 жылы «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ның құрылыс жұмыстары аяқталады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2016 жылы «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ның құрылыс жұмыстары аяқталады

2016 жылы «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ның құрылыс жұмыстары аяқталады

2016  жылы «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының құрылыс жұмыстары аяқталады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

  • 19 Ақпан 2015
  • 2173
Фото - Caravan.kz

«Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс және Орталық-Батыс жобалары бойынша көліктік-логистикалық ифрақұрылымдарды дамыту үшін  1019   шақырымда жұмыстар жалғасатын болады. Жыл қорытындысында 272  шақырым пайдалануға беріледі», — деді Е.Досаев.

Министрдің айтуынша, индустриялық инфрақұрылымды дамыту бағытында 2016  жылы «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА құрылысының жұмыстары аяқталатын болады. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА инфрақұрылымдарының құрылысы 2015  басталады.

«Ағымдағы жылы энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту үшін жалпы ұзындығы 600 шақырымды құрайтын «Екібастұз-Семей-Өскемен» 500 кВт электр таратудың әуе желісінің 200 шақырымдық желісі салынатын болады», — деді ол.