2019 жылға қарай қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 71 жасқа жетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2019 жылға қарай қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 71 жасқа жетеді

2019 жылға қарай қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 71 жасқа жетеді

Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы артып отыр,

  • 10 Маусым 2014
  • 863
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова.

"Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы қазір 70,4 жас, 2019 жылға қарай 71 жас деген көрсеткішке қол жеткізуді көздеп отырмыз. 70 жас деген көрсеткішке 2015 жылы қол жеткіземіз деп санап едік, демек нәтижелерге ертерек жетуге мүмкіндік бар", деді ол Астанада сейсенбіде республика президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ол сондай-ақ республикада халықтың жалпы өлім деңгейінің, оның ішінде ана мен бала өлімі деңгейі көрсеткішінің төмендегендігін атап өтті.

Оның айтуынша, соңғы үш жылда қолданылып отырған жаңа технологиялардың арқасында 85 ана мен 3 мыңнан аса сәби өлімнен құтқарылған. Туберкулезді алғаш рет жұқтырған 6 мыңнан аса қазақстандық емделді.


С.Қайырбекованың айтуынша, қазіргі уақытта қазақстандық емханалар күн сайын 420 мың адамды қабылдайды, күн сайын стационарларға 7,5 мың науқас жатқызылады, тәулігіне 1 мың ана босанады, 2 мыңға жуық операция жасалады, жедел жәрдем дәрігерлері 18 мың рет жолға шығады.

Қазақстан халқы 17,2 млн адамнан асады.