2019 жылы Астанада екі автовокзал жұмысын бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2019 жылы Астанада екі автовокзал жұмысын бастайды

2019 жылы Астанада екі автовокзал жұмысын бастайды

2017-2018 жылдары Астанада ортақ сыйымдылығы күніне  9000 жолушыға арналған екі автовкозал салынып, 2019 жылы олар толық пайдалануға беріледі.  Бұл туралы бүгін Астана қалалық əкімдігінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларының таныстырылымына арналған дөңгелек үстел барысында "Astana Innovations" АҚ Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту басқармасының басшысы Əлия Бикеева мəлім етті.

  • 7 Сәуiр 2016
  • 381
Фото - Caravan.kz

"Абылай хан даңғылы мен Қобда көшесінің қиылысында орналасатын автовокзалдың құрылысына қажетті инвестиция 5 436 млн теңгені құрайды. Тілендиев даңғылы мен Бейсеков көшесінің қиылысындағы автовокзалдың инвестициялық құны 4 673 млн теңге", — деп хабарлады Ə.Бикеева.

Автовокзалдар жалпы 28 жыл қызмет көрсетеді деп жоспарланып отыр. Əр вокзал күніне 4500 жолаушы тасымалдауға қуатты болу керек. Екеуі де төрт қабатты ғимарат болады. Автовокзалдардың құрылысы 2017-2018 жылдарға есептелген, нысандар 2019 жылы толықтай іске қосылуы керек.