2020 жылға қарай Қазақстан туризмнен түсетін табысын 10,2 млрд долларға дейін арттырмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2020 жылға қарай Қазақстан туризмнен түсетін табысын 10,2 млрд долларға дейін арттырмақ

2020 жылға қарай Қазақстан туризмнен түсетін табысын 10,2 млрд долларға дейін арттырмақ

Қазақстанның индустрия және жаңа технологиялар министрлігі 2020 жылға қарай республиканың туризмнен түсетін табысы 10 млрд доллардан асады, деп санап отыр.

  • 14 Мамыр 2014
  • 710
Фото - Caravan.kz

Бұл көрсеткіштер үкімет бекіткен 2020 жылға дейін Қазақстанның туризм саласын дамыту тұжырымдамасында көрсетілген.

Тұжырымдаманы жүзеге асыру нәтижесінде бірінші кезеңде (2015-2016 жылдар) туристер саны 4,1 млн құрамақ, туристік қызметтен түсетін табыс 4,6 млрд доллар болмақ, делінген министрліктің сайтында берілген тұжырымдамада.

Екінші кезеңде (2017-2018 жылдар) туристер саны 6,5 млн жетпек, табысы болса 7,6 млрд доллар.

Үшінші кезеңде (2019-2020 жылдар), туристер саны 8,5 млн құрайды деп көзделген, туристік қызметтен 10,2 млрд долар табыс түседі, деп ойластырылауда, делінген құжатта.

2012 жылы туризмнен түскен табыс 151,7 млрд теңгені құраған.


Жеті жыл ішінде туризм саласында 234 мың қызметкер жұмыс істейді, деп күтілуде, 2012 жылғы бұл көрсеткіш 129 мың.

Туристердің басым бөлігі Алматының туристік кластерлерінде болмақ (23,8%), Батыс Қазақстанда (22%), Астанада (17%), Шығыс Қазақстанда (11,9%),Оңтүстік Қазақстанда (8,6%).