Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Биыл тек онлайн форматта өңірлік іріктеу турлары өтетіні айтылады.
"Осындай қиын уақытта финалды ауыстыру туралы шешім қабылдай отырып, біз бар күш-жігерімізді "Сұлулық мейірімділікте" әлеуметтік жобасын дамытуға бағыттауға ниеттіміз. Тек бірлескен күш-жігермен еріктілер қозғалысына, қайырымдылық жобаларына белсенді қатысумен ғана біз көрінбейтін жауды жеңе аламыз", — деді "Қазақстан аруы" директоры Алена Кырбасова.