2022 жылы елімізде 26 заң жобасы әзірленбек - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2022 жылы елімізде 26 заң жобасы әзірленбек

2022 жылы елімізде 26 заң жобасы әзірленбек

Бүгін Үкімет отырысында заң жобалау жұмыстарының келесі жылға арналған жоспары қарастырылды.

  • 28 Желтоқсан 2021
  • 27
Фото - Caravan.kz

Әділет министрі Марат Бекетаев 2022 жылы «ҚР Әлеуметтік кодексі» жобасы, жергілікті өзін-өзі басқару, кәсіптік біліктіліктер, агломерацияларды дамыту, жылу энергетикасы туралы заң жобалары әзірленетінін баяндады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталв Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

«Пысықталған Жоспар жобасы 26 заң жобасын әзірлеуді көздейді. Оның 16-сы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға қатысты. Бірінші жартыжылдықта 7 заң жобасын, екінші жартыжылдықта 19 заң жобасын әзірлеу жоспарлануда», — деді Марат Бекетаев.

Сонымен қатар, ведомство басшысы 2021 жылы Үкімет 25 заң жобасын әзірлегенін, оның 5-уіне Мемлекет басшысы қол қойғанын, 1-уін Парламент қабылдағанын, 18-і Парламент қарауында жатқанын, 1-уі осы жылдың соңына дейін Парламентке енгізілетінін хабарлады


Өз кезегінде Премьер-Министр Асқар Мамин мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына заң жобаларының сапалы әзірленіп, Үкімет пен Парламентке уақтылы енгізілуін қатаң бақылауды тапсырды.

 

Соңғы жаңалықтар