2025-жыл дегенде мұнай құны әрбір баррельге шаққанда 48 долларға дейін өсуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2025-жыл дегенде мұнай құны әрбір баррельге шаққанда 48 долларға дейін өсуі мүмкін

2025-жыл дегенде мұнай құны әрбір баррельге шаққанда 48 долларға дейін өсуі мүмкін

Ресейлік және ОПЕК сарапшыларының бағалауынша, таяудағы 20-30 жылда мұнай негізгі қуат көзі ретінде қала береді, әрі оның құны 2025-жылы әрбір баррельге шаққанда 48 долларға дейін өсуі мүмкін. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігінің хабарламасынан мәлім болды.

  • 4 Шiлде 2003
  • 530
Фото - Caravan.kz

Бүгін, 4-шілдеде Мәскеуде өткізілген баспасөз мәслихатында Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының Жылу энергетикалық кешен жөніндегі Халықаралық институтының директоры Валерий Салыгиннің айтуынша, аталмыш болжам жуырда өткізілген Ресей-ОПЕК аралық семинарда ортаға салынған.

В.Салыгиннің хабарлауынша, мұнай базарындағы тұрақты даму одан әрі жалғасқан жағдайда дүниежүзіндегі мұнай тұтыну көлемі 2025-жылға дейін жыл сайын 1,8 процентке өсіп отырмақ. Соған сәйкес, жалпы мұнай тұтыну көлемі 2001-жылғы 77 млн. баррельден 2025-жылы 115 млн. баррельге дейін өседі.
Ал мұнай базарында тұрақсыздық белең алған жағдайда 2006-жылы мұнай бағасы әрбір баррельге шаққанда 20 долларға дейін арзандауы мүмкін. Ахуал осындай қолайсыз бағытта өрбісе, ОПЕК сарапшыларының бағалауынша, Ресей бюджетінің шығыны 2020-жылға дейін 32-35 млрд. долларға жетеді,- деді В.Салыгин.
Мәскеу Халықаралық институты директорының айтуынша, дүниежүзілік мұнай рыногында тұрақтылықты қамтамасыз ету тұрғысында Ресей мен ОПЕК мүддесі өзара сәйкес. В.Салыгиннің айтуынша, тұрақтылықты сақтаудың басты құралы- мұнай экспортына квота белгілеу боп қала бермек. Әзірге ОПЕК квота беру мәселесін өз бетімен шешіп отыр, алайда мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы бұл мәселені Ресеймен бірлесе отырып шешуге мүдделі деді В.Салыгин.