21.12: Бұл күн қандай күшке ие? - kaz.caravan.kz
  • $ 457.98
  • 490.86
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
21.12: Бұл күн қандай күшке ие?

21.12: Бұл күн қандай күшке ие?

Сандардың мұндай ретпен келуі тартылыс күшін еселейтін көрінеді. Белгілі нумеролог мүмкіндікті құр жіберіп алмау керектігін айтады.

  • 21 Желтоқсан 2022
  • 482
Фото - Caravan.kz

Не істеу керек? Бұл күннің қандай ерекшелігі бар? Осы сынды сауалдарды нумеролог Құралай Бақытқа Caravan.kz тілшісі қойып көрді.

"Тартылыс, магнитизм жақсы жұмыс істейтіндіктен ең әуелі ойымызға мұқият болғанымыз жөн. Негативті ойлауға жол бермеңіз. Орындалып кету ықтималдығы жоғары. Онан да жақсы ойлап, тіпті, балаша армандау керек. Бала сияқты шынайы сеніп армандауды көбіміз ұмытып қалғанбыз. Сондықтан, сол күйге келу үшін алдымен ертегі оқып, мультфильмдер қарап алуыңызға да болады. Армандар картасын құрасаңыз да артық етпейді. Аузымыздан шыққан сөз де ерекше күшке ие болады. Аффирмация айтыңыз. 

Бұл күні бумеранг заңдылығы да керемет жұмыс істейді. Осыны пайдаланып, өзіңізге не тілесеңіз соны өзге біреу үшін тілек қылып айтыңыз. Өзгеге тілегеніңіз өзіңізге қайтып келуі әбден мүмкін", — дейді Құралай Бақыт.


Сондай-ақ, нумеролог бүгін қолға алған бастамалардың оңынан жүзеге асып, бүгін табысқан жұптардың махаббаты баянды болатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар