21-22 желтоқсан күндері Астанада Шығыс Қазақстан облысының жәрмеңкесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
21-22 желтоқсан күндері Астанада Шығыс Қазақстан облысының жәрмеңкесі өтеді

21-22 желтоқсан күндері Астанада Шығыс Қазақстан облысының жәрмеңкесі өтеді

21 және 22 желтоқсанда елордада Шығыс Қазақстан облысының күндері өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасынан хабарлады. 

  • 20 Желтоқсан 2013
  • 442
Фото - Caravan.kz

21 желтоқсанда Астанада қалалық әкімдіктің алдындағы орталық алаңда арнайы ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді, онда келушілер Шығыс Қазақстан өңірінің тауарлары — бал мен бұғы мүйіздерінен жасалған өнімдерді сатып ала алады. Бал мен ара шаруашылығының өнімдерін сату 37 сауда орнында ұйымдастырылады.


Алаңға ет, сүт, шұжық, нан, кондитерлік өнімдерді, өсімдік майын, жармалар, сондай-ақ, ұлттық тағамдар — қымыз, тары, құрт сататын 126 шатыр орнатылады.

Өнімдер нарықтық бағадан 20-30% арзан сатылады.