22 маусымда ТМД-ның 10 қаласында Естелік вахтасы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
22 маусымда ТМД-ның 10 қаласында Естелік вахтасы өтеді

22 маусымда ТМД-ның 10 қаласында Естелік вахтасы өтеді

2011 жылы 22 маусымда мәскеу уақытымен таңғы 4-те, Ұлы Отан соғысы басталғалы дәл 70 жыл өткенде, ТМД-ның 10 қаласында Естелік вахтасы өтеді, деп «Мир» телерадиокомпаниясы (ТРК) хабарлады.

  • 20 Маусым 2011
  • 532
Фото - Caravan.kz

«Шырақ жаққан әрбір адам Ұлы Отан соғысының барлық қатысушыларына «Есімде» деп айтады. Сонымен бірге акция Мәскеу, Алматы, Астана, Баку, Бішкек, Душанбе, Ереван, Минскі, Санк-Петербург, Тбилисиде өтеді», — делінген ТРК таратқан хабарда.

Хабарда айтылғандай, Алматыда «Менің естелік вахтам» акциясы 28 панфиловшылар бағында, таңғы сағат 6-да өтеді.

Хабарда айтылғандай, «Менің естелік вахтам» акциясы – флешмоб түріндегі акция. Сол кезде бірдей уақытта әр түрлі қаладағы адамдар соғыс естелігініе шырақ жағады. Оны тіпті үйде де өткізуге болады. Шырақты тіпті виртуалдық кеңістікте, өз блогыңда да жағуға болады. Ол үшін vahta-pamyati.ru. сайтындағы юзерпикті өзгерту керек.

Соынмен қатар «Естелік вахтасы» сайтында соғыс батырлары мен олардың ерлігі туралы әңгімелер жарияланатын болады. Ең үздік әңгімелердің авторлары халықаралық «Мир» телерадиокомпаниясының жүлдесіне ие болады. Бірінші жүлде – телерадиокомпаниямен 600 мың рубльге (1 рубль=Т5,18) келісімшарт жасау немесе қалауы бойынша Брест қорғанына бару.

Соңғы жаңалықтар