22-25 мамыр аралығында Астанадан ұшатын әуе рейстері кейінге шегерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
22-25 мамыр аралығында Астанадан ұшатын әуе рейстері кейінге шегерілді

22-25 мамыр аралығында Астанадан ұшатын әуе рейстері кейінге шегерілді

Ертеңнен бастап 25 мамырға дейін Астанадан ұшырылатын әуе рейстері KADEX-2014 көрмесінің аясында өтетін оқу-жаттығуларға байланысты түстен кейінгі уақытқа ауыстырылды.

  • 21 Мамыр 2014
  • 324
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Астана халықаралық әуежайы» АҚ маркетинг бөлімінің басшысы Людмила Копейчук хабарлады.

«2014 жылдың 22-25 мамыр аралығында Астана уақыты бойынша 10.00-ден 13.00-ге дейін ІІІ халықаралық «KADEX-2014» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік  көрмесіне дайындық бойынша оқу-жаттығулар өтеді. Сол себепті осы аралықтағы барлық рейстер түстен кейінгі уақытқа ауыстырылды», — деп мәлімдеді Л.Копейчук.

Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Семей мен Шымкентке ұшатын таңғы рейстер тоқтатылады.