26 қазанда Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашын болуы ықтимал
![]() |
Дүйсенбі, 26 қазанда Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстік-батысында кей жерлерде жауын-шашын, тұман, көктайғақ, оңтүстік және шығыс бөлігінде жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. |
«Қазгидромет» РМК ақпаратынша, Қызылорда облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с дейін күшейіп, шаңды дауыл болуы ықтимал.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде көктайғақ, тұман, жел 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін.
Павлодар облысында кей жерлерде көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысында Жарма ауданында жел 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.
Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел жылдамдығы 18-23, кей жерлерде 27 м/с болады деп күтілуде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін