3 адамды өлтіріп, артынша мәйітпен жыныстық қатынасқа түскен некрофил сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
3 адамды өлтіріп, артынша мәйітпен жыныстық қатынасқа түскен некрофил сотталды

3 адамды өлтіріп, артынша мәйітпен жыныстық қатынасқа түскен некрофил сотталды

Семейде үш бірдей адамды өлтірген қаніпезер қатаң тәртіптегі колонияға қамалды. Жаңа таныстарын пышақпен жайратып, артынша мәйітпен жыныстық қатынасқа түскен жігіт енді 25 жылын темір торда өткізуі тиіс.

  • 30 Қазан 2013
  • 504
Фото - Caravan.kz


Жұрттың жағасын ұстатқан бұл оқиғаны өткен хабарларымызда көрсеткен едік. 23-тегі жігіт жеке шаруаларымен Қарағандыдан Семейге келген. Көшеде ол 29 жастағы әйелмен танысып, кешкісін соның үйінде келіншектің күйеуі және оның досымен кездесулерін арақпен атап өткен. Аздан соң араларында кикілжің туып, қонақ тысқа шығып барлығының ұйқыға кетуін күтеді. Сосын түн ортасында қайта үйге кірген қылмыскер жайбарақат жатқан үшеуін пышақтап тастаған. Артынша азғын жан тапсырған әйелмен жыныстық қатынасқа түсіпті. Сот бүгін қанышердің қылмысын мойындағанын ескеріп, оны өмір бақи түрмеге отырғызбайтын болып шешті.