30 маусым мен 3 шілде аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
30 маусым мен 3 шілде аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

30 маусым мен 3 шілде аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҮКІМЕТ

  • 30 Маусым 2011
  • 890
Фото - Caravan.kz

29-30 маусымда Қарағандыда қазақстан-герман сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобының 5-ші отырысы өтеді.

ПАРЛАМЕНТ

30 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді.

ҚОҒАМ

28 маусым мен 3 шілде аралығында Мәскеу қаласындағы Бүкілресейлік көрме орталығында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің Мемлекетаралық көрмесі өтеді.

1 шілдеден «Жеке мақсатта пайдалану үшін жеке тұлғалардың жеңіл автокөліктерді тасымалдау мәселелері туралы» ҚР Үкіметі қаулысының мерзімі аяқталады.

1 шілдеден бастап елімізде «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы жүзеге аса бастайды.

АСТАНА

Астанада 28-30 маусым аралығында Ислам конференциясы ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясы өтуде.

30 маусымда Конгресс-Холда Бос жұмыс орындарының «Астаналық жас түлек-2011» жәрмеңкесі өтеді.

30 маусымда «Қазақстан» концерт залында Астана күнін тойлау аясындағы іс-шараларды өткізу мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты болады.

30 маусымда Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан және Елбасы Н.Назарбаев туралы кітаптар мен Мемлекет басшысы жазған кітаптар жинағының таныстырылымы өтеді.

1 шілде күні Астанада Қазақстан қолөнер шеберлерінің «Шебер-2011» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталады.

АЛМАТЫ

Алматыдағы Орталық көрмеде 25 мамыр — 2 шілде аралығында «Kazakhstan Art Week» қазақстандық өнер апталығы өтуде.

30 маусым күні Алматыда бильярдтың «Еркін пирамида» түрінен Азия чемпионаты өтеді.

30 маусымда «Даму» қорының кеңсесінде «Франчайзинг негізіндегі Ресей мен Қазақстан кәсіпкерлерінің ынтымақтастығы» тақырыбына арналған «дөңгелек үстел» отырысы өтеді.

30 маусымда Алматы әкімдігінде «Нұрсұлтан-2011» Альпиниадасына арналған баспасөз мәслихаты болады.

30 маусымда Қазақстандық баспасөз клубында «Алматыда Мажарстан, Австрия, Латвия, Словакия, Словения елдерінің бірлескен визалық орталығын ашу» мәселесіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

30 маусымда Кедендік ресімдеу орталығында қазақстан-қытай шекарасындағы кедендік бекеттердің жұмысына түсіндірме арналған баспасөз мәслихаты болады.

ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР.

МАУСЫМНЫҢ 30-Ы, БЕЙСЕНБІ

Конго Демократиялық Республикасының Ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні. Конго Орталық Африкада орналасқан. Батысында және солтүстік-батысында Конго Республикасымен, солтүстігінде Орталық Африка Республикасымен, солтүстік-шығысында Суданмен, шығысында Уганда, Руанда, Бурунди, Танзаниямен, оңтүстігінде Замбиямен, оңтүстік-батысында Анголамен шектеседі. Әкімшілік жағынан 11 провинцияға бөлінеді. Елде 200-ден астам этникалық топтардың өкілдері тұрады. Астанасы — Киншаса қаласы. Ресми тілі — француз тілі. Ақша бірлігі — конго франкі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

92 жыл бұрын (1919) Өскемен түрмесіндегі саяси тұтқындар колчак әскерлеріне қарсы көтеріліс ұйымдастырды.

28 жыл бұрын (1983) Қазақ КСР-нің Тұрғын үй кодексі қабылданды.

6 жыл бұрын (2005) Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Социологиялық зерттеу орталығы құрылды.

Орталық халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа технологияларын және атаулы әлеуметтік көмек жүйесін жақсарту ұсыныстарын құрастырады.

4 жыл бұрын (2007) Астанада Бейбітшілік және келісім сарайының алдында Халықтар достығы монументі ашылды. Монументтің салтанатты ашылу рәсіміне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен елімізге қысқа мерзімді жұмыс сапарымен келген Испания Королі Хуан Карлос І және Королева София қатысты.

Аталған ескерткіштің авторлары — суретші Төлеуғазы Байғалиев, сәулетші Саматбек Тәженұлы, мүсінші Асқар Нартов.

Ескерткіштің биіктігі 21 метр. Оның жоғарғы жағында еліміздегі саны 100 мыңнан асатын қазақ, орыс, неміс және кәріс ұлты қыздарының шаңырақты көтеріп тұрған мүсіні бейнеленген. Ескерткіштің ортасында Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың санына сәйкес керегелер мен масақ орналасқан.

2 жыл бұрын (2009) Астанадағы Тәуелсіз сарайы және «Қазақ елі» монументі орналасқан Манас көшесінің аты Тәуелсіздік даңғылы деп өзгертілді.

2 жыл бұрын (2009) Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмола ауылындағы «Ақмола-Феникс» АҚ кеңсесінде Социалистік Еңбек Ері Иван Шарфты мәңгі есте сақтау мақсатымен мемориалды тақта ашылды.

Иван Иванович Шарф (1930-2008) Қарағанды педагогикалық институтынан кейін ұстаздық етіп, соңынан Целиноград зооветеринарлық техникумында, Целиноград ауыл шаруашылығы институтында білімін жалғастырған. Еңбек жолын мектепте мұғалімдіктен бастап, талай жылдар қоғамдық, партия ұйымында, шаруашылық басшысы қызметтерінде жоғары бағаға ие болған. 1975 жылы Целиноград құс өсіру жөніндегі өндірістік бірлестіктің бас директоры қызметіне тағайындалған. Ол 1993 жылы «Ақмола-Феникс» акционерлік қоғамы болып қайта құрылған болатын. 1986 жылы Социалистік Еңбек Ері атанды, кейіннен «Құрмет белгісі», «Октябрь революциясы» ордендеріне ие болды.

«Ақмола-Феникс» — елорданы құс етімен, жұмыртқамен, ұн және нан өнімдерімен тұрақты қамтамасыз етіп келе жатқан өндіріс орталығы.

1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілерін «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Кодекске сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

ЕСІМДЕР

110 жыл бұрын (1901-1991) геолог, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының, Лениндік сыйлықтың лауреаты МЕДОЕВ Георгий Цараевич дүниеге келді.

Солтүстік Осетия Республикасының Дигора қаласында туған. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) кен институтын бітірген. Қазақ геология тресінде, Семей геологиялық-барлау техникумында еңбек еткен. 1936 жылдан өмірінің соңына дейін қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде және Қазақстан Ғылым Академиясының Геология институтында қызметтер атқарған.

Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанның геологиясы мен геоморфологиясын, тектоникасын, вулканизмдерді, соның ішінде, Қарағанды көмір алабының геологиялық құрылысын зерттеу мәселелеріне арналған. Сондай-ақ ол Орталық Қазақстанның металлогения картасын жасауға қатысқан.

«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.

70 жыл бұрын (1941) жазушы, журналист, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ЮСУП Кеңес Сіләмханұлы (Түсіп Рахметуллин) дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында туған. Семейдегі өзен шаруашылығы училищесін тәмамдап, Жоғары Ертіс кеме шаруашылығында еңбек етті. Кейін Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) журналистика факультетін бітірді. 1968-1996 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде, «Қазақстан коммунисі» (қазіргі «Ақиқат»), «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарған. 1997 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметінің бас сарапшысы қызметін атқарған.

Жазушының «Ақиқат сапар», «Қарашадағы көктем», «Охапка полевых цветов» повестері мен әңгімелер жинағы, «Желқайық» кітабы жарық көрген. Сонымен қатар оның терминоология, қазақ тілінде іс жүргізу мәселелеріне арналған «Құжат тілі» кітабы 2001 жылы Павлодар облыстық «Алтын тіл» бағдарламасы шеңберінде жарық көріп, «Жалын» баспасы ұйымдастырған жабық бәйгенің екінші жүлдесін жеңіп алған. Сондай-ақ «Анықтама сөздігі», «Екі тілде іс жүргізу» атты кітаптары шыққан. Габриель Гарсиа Маркестің «Жүз жылдық жалғыздық» романын, болгар жазушыларының «Гүлжазира» әңгімелер мен повестер жинағын қазақ тіліне аударған.

Бірнеше медальмен марапатталған.

60 жыл бұрын (1951) «Мұғалжар нефтестрой» ЖШС-інің директоры ИЛЮБАЕВ Қуаныш Далабайұлы дүниеге келді.

Ақтөбе облысы Мұғаджар ауданында туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды Жоғары мектебін бітірген. Кеңшар экономисті, Ақтөбе облыстық қаржы бөлімінің аға бақылаушысы болған. 1984-2001 жылдары — Ақтөбе облысы Ішкі істер басқармасы социалистік жеке меншікті талан-таражға салумен күрес жөніндегі бөлімнің аға жедел уәкілі, Ақтөбе облыстық ішкі істер басқармасы қаржы шаруашылық саласындағы қылмыстармен күрес жөніндегі ауданаралық бөлімінің бастығы, экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі басқарманың бастығы, Мемлекеттік тергеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары. 2001-2002 жылдары — Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі. 2004 жылы — Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары. 2004-2005 жылдары — Ақтөбе облысы бойынша Тәртіптік кеңес төрағасы. 2005-2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент директоры. 2008-2009 жылдары — «Титан Ақтөбе» коммерциялық фирмасы» ЖСС-інің директоры. Қазіргі қызметінде 2009 жылдан бастап істейді. 2010 жылдың наурызынан — Ақтөбе облыстық маслихатының депутаты.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

40 жыл бұрын (1971) шахматтан халықаралық дәрежедегі шебер БАЛАБАЕВ Тимур Фаритұлы дүниеге келді. Алғашқы жаттықтырушысы — әкесі, Балабаев Фарит Ғазизұлы.

Қазақ мемлекеттік университетінің механика және қолданбалы математика факультетін бітірген (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті). Сібір, Орталық Азия және Қиыр Шығыс студенттер спартакиадасының ҚазМУ командасы құрамындағы жеңімпазы (Алматы, 1992). Новокузнецк қаласында өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы (2002, Чехия).

Соңғы жаңалықтар