Жарияланды: 180

34 "Қасапшылардан қашқан": Нұр-Сұлтанда көшеде жүрген қой жұртты күлдіртті (ВИДЕО)

34 "Қасапшылардан қашқан": Нұр-Сұлтанда көшеде жүрген қой жұртты күлдіртті (ВИДЕО)

Видео авторының айтуынша, ол "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығы маңында жүрген.

Instagram желісіндегі танымал парақшалардың бірінде елордада көшенің қақ ортасында жүгіріп жүрген қойдың видеосы тарады деп хабарлайды Paryz.kz.

Қойдың соңғы рет осылай қашып бара жатқаны шығар. Оқырмандардың бірі төрт түлікті кеше Хан-Шатыр маңында, түс уақытында көрдік дейді. Құрбан айт қабыл болсын, - деп жазған видео авторы.

Желі қолданушылары "Қойдың түрін-ай, енді күнімен күлкім тыйылмайтын болды ғой", "Мәссаған, өткенде бұқа қашып еді, енді қой, бәрі елордада болып жатыр, естімеген елде көп деген осы болды", "Қайта көлік қағып кетпеген, әйтпесе обал болатын еді", "Алдында бұқа, енді қой, елордалықтарға не болды өзі?", "Несі күлкілі, ағайын, қой қасапшылардан қашып кеткен болар, иесі табылатын шығар", "Қойды құрбандыққа шалғысы келген қожайыны табылды ма екен, табылмаса басқа біреулер қойды ұрлап кететін болды ғой" деген пікірлерін жарыса жазып жатыр.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін