4 баласын 1,5 млн теңгеге сатқан әйел қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
4 баласын 1,5 млн теңгеге сатқан әйел қамауға алынды

4 баласын 1,5 млн теңгеге сатқан әйел қамауға алынды

Оңтүстік Қазақстанда безбүйрек ана бауыр еті балаларын саудаға салған. Сарыағаш ауданының тұрғыны туған төрт бүлдіршінін ауылдық амбулатория қызметкері арқылы түрлі отбасыларға сатыпты. Алды сегіз жасқа енді толған 2 ұл, 2 қызды ол небәрі 30-40 мың теңгеден бағалаған. Қазір тасбауыр ана мен делдалдық жасаған акушер қамауға алынды. Ал, сатылып кеткен бүлдіршіндер іздестірілуде. Әзірге, тек біреуі өз туыстарымен қосылды.

  • 31 Қаңтар 2014
  • 355
Фото - Caravan.kz

Қалипаның 7 жасында көргені шытырман фильмге бергісіз. 5 жасына дейін әке-шешесімен, үш бауырымен бірге тұрып, 2011 жылы ата-анасы айырылысқан соң, өзге отбасының қарауына өтіпті. Бүлдіршін 40 мың теңгеге сатылғанын білмейді әрине. Екі жыл басқа шаңырақта өмір сүргенімен, бәрібір бөтен үйге сіңісе алмаған.

Қалипа Ибрагим:

-Ұратын еді, бірақ тамақ бермейтін еді. Бөлек жатам ғой бір өзім, бір өзім жатамын бір тамда.  Өзі бірақ жақсы да, бірақ ол жаққа барғым келмейді, Сарыағашқа барғым келмейді. Ол жақта бәрі ұра береді.

Қалипаны асырап алғандар, екі жылдан соң қызды қайта әкесіне әкеліп тастаған. Мал бағып, әрең күн көріп жүрген әкесі болса онсызда тағдыр тауқыметін тартқан қызын тұрмысы жақсы қарындасына беріпті. Ал қаршадай қыздың қос інісі мен бір сіңілісі де ақшаға сатылған. Саудаға салған басқа емес, туған анасы. Тасбауыр келіншекке ауылдық амбулатория қызметкері қол ұшын беріпті. 

-Балаларды сатуға көмектесіп, делдалдықты кәсіп қылған акушер дәл осы Ақбура ауылдық амбулаториясында қызмет еткен. Ол аудан көлемінен баласыз отбасыларды анықтап, оларға түрлі сомаға бүлдіршіндерді сатып келген. 4 баланы саудалап үлгерген ол, шу шықпастан 10 күн бұрын өз еркімен жұмыстан кеткен екен.

4 баланы сатып, пайда тапқан акушер де, туған балаларын саудалаған ана да қазір қамауға алынды. Екеуі де Шымкентте абақтыда жатыр. 27 жастағы келіншек күйеуімен ажырасқан соң, балаларды асырау үшін осындай қадамға бардым дейді.


Ғалия, күдікті:

-Жағдайым ештеңеге келмеді менің. Мәжбүр болдым. Балаларымды асырап алушы аналарға беруге.

Ал, акушер болса тіпті ақкөңілдігімнен күйіп отырмын деп ағынан жарылғандай болды.

Айнақша Жұмасаева, күдікті акушер:

-Бірінші күні келіп кетті ол. Кейін тағы келді ертесіне мына баланы бір жерге жайғастыруым керек деді.  Балалар үйіне өткізбейсің ба десем оған Шымкентке баруым керек, құжат әзірлеуге уақыт кетеді деді.

Тағы бір жәйт, 4 баласын сатқан шешесі тағы жүкті болып шықты. Бойында 6 айлық шаранасы бар екен. Қазір, акушер екеуінен бөлек, бүлдіршіндерді сатып алған адамдардың кінәсі де тексеріліп жатыр. Ал Қалипа мен Диястың қос бауырларын тәртіп сақшылары іздестіруде.