«40 градусқа дейінгі аяздар сәрсенбі күні де сақталады» – Қазгидромет - kaz.caravan.kz
  • $ 511.59
  • 575.28
+15 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«40 градусқа дейінгі аяздар сәрсенбі күні де сақталады» – Қазгидромет

«40 градусқа дейінгі аяздар сәрсенбі күні де сақталады» – Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК 11 қаңтарда ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

  • 11 Қаңтар 2023
  • 20
Фото - Caravan.kz

Түнде Алматы облысының таулы және тау етегінде орналасқан елді мекендерде қатты қар жауады. Сондай-ақ тұман, аспанысызжы көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Алматы қаласында кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады.

Түнде Атырау облысында 30 градус қатты аяз күтіледі.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде 40-41 градус қатты аяз болжанады.

Түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында 40 градус қатты аяз күтіледі.

Түнде Қарағанды облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты аяз болады.

Түнде және таңертең Түркістан облысының тауларында мол қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, тау бөктеріндегі аудандарда тұман, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Шымкент қаласында кей уақытта тұман күтіледі.


Түнде Маңғыстау облысында 25 градус қатты аяз күтіледі.

12-13 қаңтардағы ауа райы болжамы:

12 қаңтарда түнде Қарағанды облысының басым бөлігінде 40-41 градус қатты аяз күтіледі.
12 қаңтарда түнде Улытау облысының шығысында 40 градус қатты аяз күтіледі.
12-13 қаңтарда түнде Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 30-31 градус қатты аяз күтіледі.
12-13 қаңтарда түнде Жетісу, Алматы облыстарының солтүстігінде, таулы аудандарында 30-33 градус қатты аяз күтіледі.