40 -қа жуық оқушының тапа- тал түсте жаға жыртысуына не себеп? - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
40 -қа жуық оқушының тапа- тал түсте жаға жыртысуына не себеп?

40 -қа жуық оқушының тапа- тал түсте жаға жыртысуына не себеп?

Қазақстан қылмыстан неге көз ашпай келеді?!

  • 15 Қаңтар 2019
  • 69
Фото - Caravan.kz

Ақтөбеде мектеп оқушылары арасында болған жаппай төбелестен бір бала ауыр халде ауруханаға түсті. Дәрігерлер пышақ жарақатын алған жеткіншектің мүгедек болып қалуы әбден мүмкін деп отыр.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Қаладағы төрт бірдей мектептен жиналған 40 -қа жуық оқушының тапа- тал түсте, қала шетіндегі моланың қасына барып, не үшін жаға жыртысып, пышақтасқандары белгісіз. Тергеу енді басталған. Қалалық білім бөліміндегілер болса әзірге 11-сыныптың бір оқушысы күдікке іленгіндігін айтып отыр.

Оқушылар арасындағы жаппай төбелес кезінде пышақ жарақатын алып, ауыр халде түскен Еламанның әкесі баласының жағдайына қатты алаңдайтынын айтады. Өйткені жүрек тұсынан кірген пышақ, сол жақ қолының жүйке тамырларын зақымдапты. Мектеп оқушыларынан мұндай қатыгездікті күтпеген әке кінәлілер табылып, жазаланса дейді. Ең сорақысы, ұлы мектепке қансырап қашып барғанда мұғалімдердің жедел-жәрдем шақыртудың орнына көшеден көлік ұстатып, мінгізіп жібергенін айтады.

Нұрлан Теңелов, жарақат алған оқушының әкесі:

Облыстық балалар ауруханасына апарып тастаған. Ұлымның сонда жатқанын сол ауруханадан естідім. Қолтықтың астына, жүрекке 2 см қалған. Баланың бір қолы істемейді, жүйкеге тиген ғой.

Ал дәрігерлер болса баланың денесіне тиген пышақ жүрекке 1-2 см ғана жетпей аман қалған дейді. Ал жүйке тамырларына қатты зақым келген, сол жақ қолының қайта қалпына келмеуі де мүмкін деп отыр. 

Саслан Өтегенов, дәрігер:

Бізге түскенде науқастың сол жағының қапталында жарақат болды. Пышақ жарақаты кеуде қуысынан кірген, нерв жүйелерін зақымдаған. Пышақ жүрекке жетпеген. Науқасқа жедел жүрде ота жасадық. Қазір жағдайы қалыпты, бірақ көп емделуді қажет етеді.

Төрт мектептен жиналған оқушылардың не үшін тап осы моланың қасына төбелескендері әзірге белгісіз. Тек бір белгілісі жеткіншектер бір-бірін ватсап желісі арқылы шақырып, осы жерге жиналған. Қала бөліміндегілер, қазір жаппай төбелеске қатысқан оқушылардың мұғалімдері мен ата-аналары жеке-жеке шақыртылып, жұмыстардың жүргізіліп жатқанын айтады.

Саян Сүлейменов, Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы:

Ақтөбе қаласының 10, 15, 22, 18 мектептердің оқушылары арасында төбелес болған. Негізі бұл төбелестің неден басталған әлі толық белгісіз. Қай мектептің балалары кінәлі екені, қай мектептің балалары жәбірленуші екені жайлы нәтиже әлі біздің қолымызға жеткен жоқ.

Қалалық білім бөлімдегілер қатарласына пышақ салған деп қаладағы № 22 мектептің 11-ші сынып оқушысның күдікке ілінгенін айтып отыр. Алайда ол өз жасаған қылмысын мойындамағандықтан әзірге қамауға алынбапты. Қылмыстық іс қазір екі баппен яғни, адамға дене жарақатын салу және ұсақ бұзақылық бойынша тергелуде.

Соңғы жаңалықтар