42500 екінші рет тағы төленеді - Тоқаев - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
42500 екінші рет тағы төленеді - Тоқаев

42500 екінші рет тағы төленеді - Тоқаев

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 42500 теңгелік жәрдемақы тағы бір қайтара төленетінін жариялады.

  • 27 Сәуiр 2020
  • 31
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Үкімет келесі айда да табысынан айырылған азаматтарға 42500 теңге көлемінде көмек береді. Қайтадан өтінім жіберудің қажеті жоқ. Төлем бұрын ұсынылған құжат бойынша жүзеге асырылады. Мұқтаж отбасылар азық-түлік ала береді. Оқшаулану кезінде ата-аналарға кішкентай балаларымен төрт қабырғаға қамалып отыру оңай емес", — деді президент.

Тоқаев Жеңіс күнінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірде-біреуі елеусіз қалмайтынын ескертті.


"Барлық ардагерлерге лайықты құрмет көрсетіледі. Әкімдер соғыс және тыл ардагерлеріне материалдық көмек береді", — деп қосты ол.

Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдай 11 мамырда аяқталатынын жариялаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар