43 рет ұрлық жасаған: Түркістан облысында ұры мешітте камераға қарап тұрып, қайырымдылық жәшігін тонап кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
43 рет ұрлық жасаған: Түркістан облысында ұры мешітте камераға қарап тұрып, қайырымдылық жәшігін тонап кеткен

43 рет ұрлық жасаған: Түркістан облысында ұры мешітте камераға қарап тұрып, қайырымдылық жәшігін тонап кеткен

Түркістан облысы Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мешіттердің бірінде қайырмалдыққа арналған жәшіктен ұрлық жасаған кезде видеоға түсіа қалған жас жігітті ұстады, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Stan.kz ақпарат агентігіне сілтеме жасап.

  • 23 Қазан 2020
  • 13
Фото - Caravan.kz

Түлкібас аудандық полиция бөлімінің бастығы қаскүнемнің ұсталғаны туралы Facebook парақшасында хабарлады.

"Түлкібас АПБ қызметкерлері мешіттерде бірқатар ұрлық жасаған күдіктіні ұстады. Қызылорда облысының 25 жастағы тұрғыны қайырымдылық көрсетуге арналған жәшіктерді ашып, барлық жиналған ақшаны тонап кеткен", — деп жазды Данияр Мейірхан.

Оның мәліметінше, тергеу аясында, күдіктінің ондаған қылмыстық іс жасағаны бойынша фактілер белгілі болды. Шымкентте — 20 ұрлық, Түркістанда – 7 ұрлық, Ордабасыда – 3, Алматыда – 3, Таразда – 10 ұрлық жасаған болып шықты. Қазіргі уақытта оның облыстың басқа аудандарында мұндай фактілерге қатысы бар-жоқтығы анықталып жатыр.

ҚР ҚК-нің 188-бабы — "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар