45 жасында дүниеге сәби әкелген Тамара Асар босанған кездегі әсерімен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
45 жасында дүниеге сәби әкелген Тамара Асар босанған кездегі әсерімен бөлісті

45 жасында дүниеге сәби әкелген Тамара Асар босанған кездегі әсерімен бөлісті

Араға ұзақ жылдар салып өмірге екінші сәбиін дүниеге әкелген Тамара Асар жантебірентер әсерімен бөлісті.

  • 30 Қыркүйек 2021
  • 3375
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші 45 жасында қыз баланы дүниеге әкеліп, бөпеге Ажар деп есімін қойды. 

Тамара ханымға "өзіңіз босанбаған шығарсыз" деген де жүрек ауыртар пікірлер жазылды. Ол пікір әншіні де қатты ренжіткен болатын. 

"Босанған анаға мүлде ұқсамайсыз, сірә, Жазира ханым сияқты суррогатное": Тамара Асарды ренжіткен кім?

Соған жауап та болса керек, әнші босанған кездегі әсерін оқырмандарына баяндап берді: 

"Көзім қарауытып, бөлменің іші, қабырғалар жыбырлап жатыр… Түк әлім жоқ, денемді бір нәрсе басып өткен сияқты, аузым құрғап барады, жылағанмын ба, көзімнен құлағыма мұздай жас па,бірнәрсе салқындау әйтеуір,бетімнің, жақ-сүйегімнің терісі,құлағымның ылғалдылығынан тоңып жатыр. Тісім-тісіме соғып, дір-дір етеді. Тұла-бойым тас мұз. Бақайым, қатып барады.
Есім кіресі,шығасылы түсініксіз. Айналамдағы адамдардың сөздері, жанымды да, тәнімді жылытар емес. Не айтып,не қойып жатқанын кім білсін???

Шықылықтаған дыбыс, кеудемде жатқан тіршілік шақалақты енді шын сездім. Жыбыр-жыбыр бірнәрсе,сол жақ омырауымды жұлып барады, енді түсіндім…
Көзімнен ыстық жас құлаққа қарай құлай саулады…

-Телефон сұратыпсыз, мінеки алыңыз,көмекшіңіз беріп жіберді-деді біраздаааан кейін бір меірбике.
-рахмет-дедім, даусым қарлығып. Барымша, қырылдаған тамағымды, жұтынып,ретке келтіргенсіп,телефонды құлағыма тосып:
-Сәлембердік, Апа, Апа, қыз тудым-дедім, дауысым дірілдеп. Көзімдегі жас, тамағыма тығылып, қылғынтып барады. Сонда да шешеме,жылап жатқанымды сездіргім келмей тұр.
Күні кешегі уайым, қобалжу, айналамнан аяғым ауыр екенін жасыру, жеріктік, ісу-кебу, бәрі бүгін жан мен тән арпалысып-алысып, қуанышқа ұласқанына сенбей жатқан эмоциялардың айқасымен шайқасы ғой бұл. Шешем:
-Амансың ба қарғам, құтты болсын, бауы берік болсын-деді,кібіртіктеп,сәл кідіріп:
-Еее әйелдің “ҰМЫТШАҚ” ауруы ғой. Бұл қиналыс күн де ҰМЫТ болар ертең-ақ. Ең бастысы ішіңнен “ШИІҢ” шыққасын болады да, қашаннан Қамбардан кейін қыз армандап едің, жаның қалып, кең Құдай өзің мен нәрестеңе жарық дүниені қайта сыйға бергесін болады да-деп, тебіренген дауысының толқынысын маған білдіргісі келмей,жөтелгенсіп, тамағын қырғансып, әңгімесін әрі қарай жалғады, шалқамнан жатқасын, екі көзімнен аққан ыстық жасқа, екі құлағым шомылып, тыңдай бердім, тыңдай бердім… (жалғасы ұзаақ)
Ұмытшақ ауру…
Аллаға шүкір, дәрігерлерге бас иді!
Оқып отырған әрбір әйел затына осы қуанышты нәсіп етуін тілеймін!", деп жазды. 

 

Соңғы жаңалықтар