"5 байдан 5 бала тапқан": 27 жасар әйел күйеулерінің аттарын ұмытып қалғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"5 байдан 5 бала тапқан": 27 жасар әйел күйеулерінің аттарын ұмытып қалғанын айтты

"5 байдан 5 бала тапқан": 27 жасар әйел күйеулерінің аттарын ұмытып қалғанын айтты

Қоғамда баласын асырай алмай, масылдар мен қайыршылар көбейген. 

  • 14 Ақпан 2023
  • 1712
Фото - Caravan.kz

Әлеуметтік желіде бес байға тиіп, бес бала туған әйелдің жазбасы жарияланды, деп жазды Caravan.kz медиа порталының тілішісі. 

Танымал журналист Гүлмира Әбіқай өзінен көмек сұрайтын әйелдер жайлы айтты. Бұл жолғы көмек сұраған әйел бірінші күйеуінің атын да ұмытып қалған. 

"Мынаныкі міндет қой

Сенесіздер ме, осы келіншектің жасы 27-де. Масылдық па, қайыр тілеу дейміз бе, қоғамның бір індеті жасарып келе жатыр

"Не деген арсыздық, шексіздік, ұят, тексіздік! 5 бала 5 байдан, біріншісінің атын да ұмытып қалған не тәрбие, не сана жоқ! Не тамақ жоқ, таракан қаптаған сырость көмескі времянкада өсіп келе жатқан дімкәс ұрпақ.

Және мұндай әйелдер бітпейді, ай сайын көбейіп жасарып барады. Мен хаттың біреуін ғана жарияладым. Бұлардың күніне 20-30 жазады. Әрқайсы кемінде 50-70 смс жібереді дейсіз…


Смстерді оқыған соң осы балалардың бәрінің әкесі мен және бәріне должен сияқтымын", деп жазды. 

"Мәссаған, не дейді? Бес баласын бес еркектен тапқан ба? Бұл- ДЕРТ! Қоғамдық дерт бұл! Емдеу керек ондай қатындарды!", "Осылар неге байға тигіш екен…одан да білім қумай ма?", "Сонда бес бай барма сізде,біреулер жылап жүр ғой құдай бір байда бермеді деп", деп жазды оқырмандар. 

Соңғы жаңалықтар