сондай-ақ 2006 жылы және 2012 жылы шығарылған номиналы 10 мың теңге банкноталардың параллельді айналымда болу мерзімі 2015 жылдың 31-желтоқсанына дейін ұзартылды, деп хабарлады Ұлттық банктен.
Параллельді айналымда болу мерзімі кезінде бұл банкноталар заңды төлем құралы болып табылады және оларды екінші деңгейдегі банктер шектеусіз береді, қабылдайды.
"Параллельді айналымда болу мерзімі аяқталған соң номиналы 5000 теңге және10 000 теңге банкноталарды екінші деңгейдегі банктер тағы 12 ай бойы қабылдап, ескі үлгідегісін (2006 жылғы 5000 теңге) заңды және жеке тұлғаларға ауыстырып береді. 12 ай өткен соң банктер ол ақшаны Ұлттық банктің филиалдарына сараптамаға өткізу үшін ғана қабылдайды", делінген онда.
Ұлттық банктің филиалдары үш жыл бойы ескі үлгідегі банкноталарды қабылдап, оларды қолданыстағы ақшалай белгілерге ауыстырып беретін болады.