6 қаңтар. АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
6 қаңтар.  АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

6 қаңтар. АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

6 қаңтар ЖЕКСЕНБІ

  • 6 Қаңтар 2013
  • 507
Фото - Caravan.kz

Ямайкада марундар күні. Бұл мереке капитан Куджоенiң туған күнiнде атап өтедi. Капитан Куджое марун болды. Марундар — бұл Британдық колонияға қарсы азаттық үшін күрескерлер.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

7 жыл бұрын (2006) түрлі-түсті суретті «Фото. Телерадио» республикалық журналының бірінші саны жарық көрді. Басылым Қазақстанның мемлекеттік саясаты, телерадио хабарлары мен киноның өзіндік ерекшеліктері, мәдениет саласындағы оқиғалар және тағы басқа салалардағы жаңалықтарға әуес оқырмандарға арналған. Журналдың редакциялық алқасында — Мырзатай Жолдасбеков, Әкім Тарази, Әбіш Кекілбайұлы және Ақселеу Сейдімбек сынды мәдениет және ғылым қайраткерлері бар. Журнал қазақ және орыс тілдерінде шығарылып отыр. Оның құрылтайшылары «Makhat-studio» ЖШС-і мен «Интеллектуал» клубы. Басылым 5 мың данамен айына 1 рет жарық көреді.

74 жыл бұрын (1939) Берлинде неміс ғалымдары Отто Ган мен Фриц Штрасман нейтрондар арқылы ураннан ядроны бөліп алу жолын ашты. Осылайша ядролық энергияны пайланудың алғашқы қадамы жасалды. Бірақ, ол адамзатқа аса қатерлі атом бомбасы ретінде қолданылып келеді.

8 жыл бұрын (2005) Қазақстанда «КАДА» Қазақ дизайн, сәулет және жобалық iстер қауымдастығы құрылды.

Оның мақсаты дизайнерлік, сәулеттiк, жобалық, шығармашылық-өндiрiстiк ұйымдарды біріктіру, олардың қоғам өмiрiнде әлеуметтiк рөлiн күшейту және құрылыс-жобалық істердің мәдениетiн жоғарылату болып табылады.

8 жыл бұрын (2005) Алматыда Исматұллы Мақсұмның «Құран қазыналарының әлiппесi» атты кiтабының тұсау кесер рәсімі өттi.

Кiтап зерттеуiнiң басты назары — адам жүрегі. Құран кітабын тану сананың терең қабатында болып жататын iшкi процестердiң табиғатын түсiндiру арқылы адамның рухани толық жетiлуi туралы ғылым ретінде берілген.

Кітап Құран мен пайғамбар хадистерінің маңызды анықтамаларынан құралған.

3 жыл бұрын (2010) Павлодар облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан Журналистер клубы құрылды.

Клубтың құрамына жергілікті телерадокомпаниялардың, радио мен газеттердің өкілдері кірді. Олар — этносаралық қатынастар тақырыптарын зерттейтін, Ассамблея мен этномәдени бірлестіктер жүргізіп жатқан жұмыстар жайлы қоғамды хабардар етіп отыратын тілшілер.

3 жыл бұрын (2010) «Қазпошта» акционерлік қоғамы 2010 жылы Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығына арналған көркем суретті пошта маркасын айналымға шығарды.

Төрт бояулы офсетті баспа әдісімен орындалған марканың номиналы 230 теңге, таралымы 30 мың дана, суретшісі Данияр Мұхамеджанов.

ЕСІМДЕР

60 жыл бұрын (1953) Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің ректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының академигі, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері КЕНЖЕБАЕВ Кенжеғали дүниеге келді.

Ақтөбе облысында туған. Ақтөбе педагогикалық институтын бітіріп, осы институттың оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, деканы, ректоры болған. Қазіргі қызметінде 1996 жылдан бастап істейді. 100-ден астам ғылыми жарияланымның, 10 монография мен оқу құралының авторы. 5 ғылым кандидатының диссертация қорғауына жетекшілік жасаған. 1998 жылы Ақтөбе мемлекеттік университетінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және қазақтың ұлы лингвисі Қ.Жұбановтың есімін мәңгі есте қалдыруға қосқан үлесі үшін Ақтөбе облысының «Жыл адамы» атағын алған.

М.Остроградский атындағы Алтын медальмен марапатталған.

80 жыл бұрын (1929-2006) философия ғылымының докторы, профессор СЕГІЗБАЕВ Ораз Аманғалиұлы дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Ленинград мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. 1956 жылдан Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, доценті, факультет деканы, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері қазақ халқының рухани мәдениеті, Қазақстандағы қоғамдық пікірдің дамуы, қоғамдық пікірдің даму заңдылықтарына арналған.

59 жыл бұрын (1954) техника ғылымының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Инженерлік акаемиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері МАРАЛОВ Әділмырза Бейсебайұлы дүниеге келді.

Тараз қаласында туған. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірген. Жамбыл облыстық астық өнімдері басқармасының инженері болып істеген. 1989-1992 жылдары — Алматы астық өнімдері комбинатының директоры. 1992 жылдан «Алтын диірмен» корпорациясы акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарады.

153 жыл бұрын (1860-1917) Абайдың шығармаларын жинап, өз қолымен көшіріп, ел арасына таратушы БІКЕҰЛЫ Мүрсейіт дүниеге келді.

Ол Семейде төрт жылдық орыс мектебін бітірді. Орыс, қазақ, араб әдебиетімен біршама таныс болды.

Біраз жыл Семей оязының кеңсесінде тілмаш әрі писарь болып жұмыс істеді. Ел ішінде мектеп ашып, бала оқытады. Кейін ұлы ақынның әдеби хатшысы болған.

Мүрсейіт Абай шығармаларының 1909 жылы шыққан тұңғыш басылымының түпнұсқасын құрастыруға қатысып, оған корректорлық еткен. Бізге Абай еңбектерінің түпнұсқасы Бікеұлының 1905, 1907, 1910 жылдардағы үш қолжазбасы арқылы жеткен. Қазір бұл қолжазбалар Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақтаулы. Мүрсейіттің Абайтану ғылымына қосқан үлесін М.Әуезов «Жалпы, Абай мұраларын көшіріп таратушылар арасында Мүрсейіт Бікеұлының еңбегін айрықша атап өту керек» деп жоғары бағалады.

48 жыл бұрын (1965) Қостанай облысы Федоров уданының әкімі АХМЕТОВ Қайрат Жұмашұлы дүниеге келді.

Қостанай облысы Боровой ауданының Төленгіт ауылында туған.

Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітірген.

2000-2002 жылдары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қостанай облыстық аумақтық басқармасының бастығы. 2002-2006 жылдары — Қостанай облысы Меңдіқара ауданының әкімі. 2006-2007 жылдары Қостанай облысы ауыл шаруашылығы департаментінің директоры қызметтерін атқарған. 2007 жылдың 7 қыркүйегінен — Қостанай облысы Қарасу ауданының әкімі. Қазіргі қызметінде — 2010 жылдан бері.

«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.

82 жыл бұрын (1931) қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнеркәсіп қызметкері ӨТЕҒАЛИЕВ Исхак дүниеге келді.

Атырау облысында туған. Астрахань балық өнеркәсібі мен шаруашылық техникалық институтын (қазіргі Астрахань мемлекеттік техникалық университет) бітірген.

1951-1954 жылдары — Волга-Каспий мемлекеттік балық тресті теңіз балықшылық базасының сейнер колоннасының бастығы, аулау құрал-сайман цехы шеберінің көмекшісі. 1959-1962 жылдары — Гурьев ауылдық халық шаруашылығы балық басқармасының бөлім бастығы, бас инженері. 1962-1965 жылдары — «Каспийбалық» балық өнеркәсібі Гурьев өлкелік-өндіріс басқармасының бастығы. 1965-1980 жылдары — Қазақ КСР Балық шаруашылығының министрі. 1980-1994 жылдары — Қазақ бассейіндеріндегі Балық қорын ұдайы өндіру және балықшылықты реттеу, күзету басқармасының бастығы. 1995-1996 жылдары — Қазақстан Республикасы Балық шаруашылығы комитетінің бас маманы. 1996-1997 жылдары — Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігінің кеңесшісі қызметтерін атқарған. 1997 жылы зейнеткерлікке шыққан. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 7-9-ші шақырылымдарының депутаты. «Годы и дороги» кітабының авторы.

Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамоталарымен марапатталған.

67 жыл бұрын (1946) Қазақстан Республикасының саяси және қоғам қайраткері ВОРОТЫНЦЕВА Галина Валентиновна дүниеге келді.

Ресей Федерациясының Якутск қаласында туған. Костром педагогика институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1974-1977 жылдары — Қазақстан ЛКЖО Маңғышлақ облыстық комитетінің хатшысы. 1977-1978 жылдары — Бейнеу аудандық партия комитетінің хатшысы. 1978-1980 жылдары — Шевченко қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1980-1982 жылдары — Алматы жоғары партия мектебінің тыңдаушысы. 1982-1987 жылдары — Маңғышлақ облыстық Халықтық бақылау комитеті төрағасының орынбасары. 1987-1988 жылдары — Маңғышлақ облыстық «Білім» қоғамдық ұйымы төрағасының орынбасары. 1988-1991 жылдары — Алматы қаласы Мәскеу аудандық партия комитеті бөлімінің нұсқаушысы, меңгерушісінің орынбасары. 1991-1992 жылдары — «Алматы-Турист» орталығының директоры. 1992-1993 жылдары — «Агрогамма» ғылыми-өндірістік кәсіпорын менеджері. 1993-1994 жылдары — «КАТЭП» ҰАҚ-ының жетекші маманы. 1994-1995 жылдары — Қазақстан Республикасы Баға және антимонополиялық саясат жөніндегі мемлекеттік комитеті Тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының бастығы. 1995-1996 жылдары — ТМД-ға қатысушы елдермен ынтымақтастық жөніндегі мемлекеттік комитеті бөлімінің бастығы. 1997-1998 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің консультанты. 1998-2000 жылдары — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық мұрағатының аға маманы. 2000-2003 жылдары — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық мұрағаты директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2003 жылдан зейнеткерлік демалысқа шыққан. «Мұнайшы» қоғамдық қорының мүшесі, «Нефтяная энциклопедия Казахстана» кітабының екінші рет шығаруына атсалысқан.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

65 жыл бұрын(1948) ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі РЕДКОКАШИН Владимир Николаевич дүниеге келді.

Астана қаласынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

Алматы халық шаруашылығы институтын, Челябинск мемлекеттік мәдениет институтын бітірген. Экономист, мәдени-ағартушы жұмысының ұйымдастырушы-методисі. Жастар сарайы директорының орынбасары, директоры, облыстық мәдениет басқармасының бастығы, Конгресс-Холл сарайының директоры, Астана қаласы мәслихатының хатшысы болып қызмет атқарған. Қазіргі қызметінде — 2011 жылғы тамыздан бері. Жеті медальмен марапатталған.

87 жыл бұрын (1926-2009) Кореяеспубликасының 1997-2003 жылдардағы президенті, Нобельдік бейбітшілік сыйлығының лауреаты Ким Дэ ЧЖУН дүниеге келді.

84 жыл бұрын (1929-1996) 1929-1986 жылдардағы Ауғанстан президенті КАРМАЛЬ Бабрак дүниеге келді.

75 жыл бұрын (1938) итальян әншісі, композитор, актер, режиссер Адриано ЧЕЛЕНТАНО дүниеге келді.