Жарияланды: 80

60 жастағы Қызылорда тұрғыны жасөспірімге төрт жыл бойы азғындық жасаған

60 жастағы Қызылорда тұрғыны жасөспірімге төрт жыл бойы азғындық жасаған

Қызылорда облысы Қазалы ауданының 60 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған қызға төрт жыл бойы азғындық әрекет жасап келген.

Бұл туралы Baq.kz аймақтағы тілшісі хабарлайды. 

Қазалы аудандық соты баспасөз қызметінің өкілі Ақылбек Қазыбекұлының айтуынша, Әйтеке би кентінің 60 жастағы тұрғыны өзінің жақсы қарым-қатынаста болған танысының 16 жастағы қызына азғындық әрекет жасап келген. Ол автокөлік ішінде кәмелетке толмаған қыздың санынан ұстап, жыныс мүшесіне қол жүгірткен.

«Нәпсіқұмарлыққа берілген азамат күш қолданбай, арам ойын іске асырмақ болған. Яғни, жас баланың киімінің сыртынан жыныс мүшесiн сипалаған. Өзінің әрекеті қылмыс екенін білсе де, сондай қадамға барған. Ескере кететін жайт, ол бұл жиіркенішті әрекетін 2012 жылдың жаз айынан бастап жасап келе жатқандығы анықталды. Қазір айыпталушы уақытша қамау абақтысына жабылды. Тергеу амалдары жүргізілуде», – дейді А.Қамзабекұлы.

Ал Қазалы аудандық сотының тергеу судьясы Марат Оспанов соңғы жылдары ауданда кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қол сұғушылық қылмыстарының орын алуына алаңдаушылық білдірді.

«Өткен жылы кәмелетке толмағандарға қатысты 2 жыныстық қол сұғушылық қылмысы жасалды. Сондықтан, ата-аналар балаларының жүріс-тұрысын жіті бақылауда ұстағаны абзал», – деді ол.

Сонымен қатар, ол жыныстық қол сұғушылық қылмыстарының алдын алу мақсатында білім мекемелерінде ай сайын оқушыларға, олардың ата-аналарына, мұғалімдерге құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін айтты. Осы мәселе бойынша бейнеролик дайындалып, интернет-ресурстарға орналастырылатынын жеткізді.

Ұқсас тақырыптар:

ОҚО-да мектеп оқушылары 7 жасар баланы зорлап келген деп айыпталып жатыр
Сарыағаштық 7 жасар бала оқиғасы. Бір апталық шолу

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін