640 шетелдік Қазақстан азаматтығын алады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
640 шетелдік Қазақстан азаматтығын алады

640 шетелдік Қазақстан азаматтығын алады

Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі

  • 25 Мамыр 2017
  • 360
Фото - Caravan.kz

Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Тәуелсіздік алған сәттен бастап  Қазақстанның азаматы болуға ниет білдіруші адамдар санының ұдайы өсуі байқалады. Осы жылдар ішінде еліміздің халықаралық беделі айтарлықтай өсті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығының арқасында  этносаралық қатынастың жоғары мәдениеті қалыптасты, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуындағы нық қадамдар жүзеге асырылды",- деді Мемлекеттік хатшы.

Гүлшара Әбдіқалықова өз сөзінде Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында еліміздің жаңа азаматтарын қарсы алуға ерекше қуанышты екенін, Отанымыздың игілігі жолында оларға бақытты өмір және табысты жұмыс тілейтінін атап өтті. Еліміздің лайықты азаматы бола отырып, егемен Қазақстанның одан әрі дамуы мен өркендеуіне өз үлестерін қосатындықтарына сенім білдірді.

Отырыста Қазақстан азаматтығына қабылдау  және одан шығару мәселелері қарастырылды. Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойғаннан кейін жақын және алыс шет елден келген түрлі этностың 640 өкілі қазақстандық атанатын болады.


Комиссия отырысының қорытындысында тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды.

 

Соңғы жаңалықтар