70 жасымда тағы да ғарышқа ұшамын - Тоқтар Әубәкіров - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
70 жасымда тағы да ғарышқа ұшамын - Тоқтар Әубәкіров

70 жасымда тағы да ғарышқа ұшамын - Тоқтар Әубәкіров

Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров жастарды оқуға және алдарына мақсат қоюға шақырды.

  • 12 Ақпан 2014
  • 686
Фото - Caravan.kz

Өскемен қаласының жастарымен кездесу барысында Т.Әубәкіров: «Жарқын болашақты құру үшін білім алып, алдыңа мақсат қою керек», — деді.

Ғарышкер өз халқын шексіз жақсы көретінін және оның бақытты болғанын қалайтынын айтты. Ғылымда, спортта, еңбекте, қоғамдық және жеке өмірде жетістікке жеткен тұлғамен сөйлесу жастардың зор қызығушылығын тудырды. Кездесуге келген студенттер ғарышкердің патриоттық рухты оятып, оптимистік көзқарастарымен бөліскенін айтты.

«70 жасымда тағы ғарышқа ұшамын. Мен, өзімді бақытты адаммын деп айта аламын. Өйткені армандарымның барлығы орындалды», — деді тұңғыш ғарышкер сөз соңында.