Мұндай шешімді арнайы тексеру жүргізген Көліктік бақылау комитеті қабылдап отыр.
«Тексеру нәтижесінде жолаушы вагондарына техникалық қызмет көрсету мен қабылдап алу сапасы нашарлығына көз жеткіздік. Сонымен қатар, кей вагондарда сумен қамту құралдары, ауыз су резервуарлары мен электрлі жылыту құралдары істен шыққан. Осындай олқылықтар орнаған вагондарды да кері қайтардық. Өйткені, басты мақсат – қысқы уақытта жолаушыларға жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау болып табылады», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, көліктік бақылау органдары жолаушыларды билетсіз тасымалдау және жүкті рәсімдемеу фактілерін анықтады. Өткен 10 айда 1271 адам мен 21,4 тонна жүк құжатсыз тасымалданған. Аталған заң бұзушылықтар бойынша 5 млн теңгеден астам айыппұл өндіріп алынды.