Биыл Титов және КБИ мөлтек ауданында 60 пәтерлік екі үйдің құрылысы басталады. Бұл туралы тұрғындар алдындағы есепті кездесуінде бүгін Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді.
«Облыс орталығында 22 үй бой көтереді. Апатты жағдайдағы үйлерге қатысты түйінді тарқату үшін жаңадан 60 пәтерлік 5 және 100 пәтерлік 1 үй салу жоспарланып отыр», — деді шаһар басшысы.
Соның екеуі Титов және КБИ мөлтек ауданында болады. Қайнарбаев көшесіндегі 18 пәтерлік баспананың мәселесі де биыл шешімін таппақ.