80 жастағы зейнеткер героин сатып жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
80 жастағы зейнеткер героин сатып жүр

80 жастағы зейнеткер героин сатып жүр

Ақмола облысының Атбасар қаласында полицейлер героин сатып жүрген 80 жаcтағы қарияны ұстады, деп хабарлайды облыстық ІІБ баспасөз қызметінен.

  • 24 Қаңтар 2014
  • 373
Фото - Caravan.kz

Тәртіп сақшылары зейнеткерді кезекті клиентіне 1,7 грамм героин сатып тұрған жерінде қолға түсірді. Тексеру барысында ол өз еркімен 3,74 грамм есірткіні тапсырған, ал үйін тінту кезінде тағы 141,6 грамм «ақ ұнтақ» табылды.

Белгілі болғандай, бұған дейін қарттың екі қызы есірткі саудасымен айналысқан. Қазір олар түрмеде жазасын өтеп жатыр.

Қазір ҚР ҚК 257 бабының 3 тармағына сәйкес, есірткі заттарын өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бапта қылмыскерге 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.