Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы POLISIA.KZ телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Зардап шеккен әйел адам жедел жәрдем бригадасымен медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта мамандар зейнеткердің денсаулығын тексеруде.
Медициналық куәландыруға сәйкес Audi 80 автокөлігінің 71 жастағы жүргізушісі мас емес.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша жиналған материалдар тексеріс жүргізу үшін және процессуалдық шешім қабылдау үшін қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне берілді.