91 жастағы кейуана мәйітханада тіріліп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
91 жастағы кейуана мәйітханада тіріліп кетті

91 жастағы кейуана мәйітханада тіріліп кетті

 Дәрігерлер қайтыс болғандығын жария еткен Польшаның қарт тұрғыны белгісіз жағдайда өмірге қайта оралды, деп хабарлады Би-би-си.

  • 14 Қараша 2014
  • 613
Фото - Caravan.kz

Люблин  воеводасындағы Остров Любельски қалашығында тұратын 91 жастағы Янина Колькевич көз жұмды деп хабарланып, оның өлгендігі тіркелген. Туған-туыстары болса, марқұмды соңғы сапарға шығарып салуға дайындалып, мүрдені мәйітханаға апарған.

Тоңазытқышта бірнеше сағат жатқан Янина Колькевич салынған қапшық кенеттен қимылдай бастаған. Мұндайды көрмеген мәйітхана қызметкерлерінің таңданбасқа шарасы да жоқ еді.

Кейуананың туыстарының айтуынша, шамамен түн ортасынан ауған шақта біреулер есік қаққан. Табалдырықта мәйітхана қызметкері тұр. Ол болған жайтты жеткізді.

Үйге келген соң Янина Колькевич қатты тоңғандығына шағымданып, бір кесе ыстық шай сұраған.


Оның өлімін тіркеген 30 жылдың еңбек өтілі бар дәрігер қарттың тыныс алмағандығын, жүрегінің соғуы тоқтағандығын, қайтыс болғандығына еш күмәні болмағандығын мәлім етті.