95 мың теңгенің гүлін ұрлаған Өскемен тұрғыны ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
95 мың теңгенің гүлін ұрлаған Өскемен тұрғыны ұсталды

95 мың теңгенің гүлін ұрлаған Өскемен тұрғыны ұсталды

Облыс орталығында полиция қызметкерлері бөтен саяжай учаскесінен раушан мен  лалагүл гүлдерін ұрлаған ер адамды ұстады, деп хабарлады YK-news.kz ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 8 Маусым 2016
  • 467
Фото - Caravan.kz


Полицейлер хабарлағандай, бұрын басы істі болған 35 жастағы ер адам саяжай учаскесіне кіріп, жеті раушан гүл бұтасын және жиырма лалагүл тамырын жымқырды. Саяжай иелері келтірілген залалды 95 мың теңгеге бағалады. Жуырда тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді. Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.