"98-автобусты айдаған менің жолдасым": Алматыдағы екі автобустың соқтығысуына қатысты тың дерек шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"98-автобусты айдаған менің жолдасым": Алматыдағы екі автобустың соқтығысуына қатысты тың дерек шықты

"98-автобусты айдаған менің жолдасым": Алматыдағы екі автобустың соқтығысуына қатысты тың дерек шықты

8 қараша күні Алматы қалалық Полиция департаменті 98 және 201-ші бағыттағы екі қоғамдық көліктің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тапқанын хабарлаған.

  • 15 Қараша 2022
  • 273
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа-порталының тілшісіне 98-автобустың жүргізушісі Әбсадыков Абдул-хадидің жұбайы Гүлзира Пулатбекова жолдасына жалған айыптаулар тағылып отырғаны туралы айтып берді.

"Тергеу әділ өтсін! Видеода жолдасымның ақырғы маневр екендігі көрініп тұр. Бүгінгі таңда тергеліп жатқан тек менің жолдасым ғана сияқты. Тергеу бір жақты болып тұр. Екінші автобустың жүргізушісі тергеліп жатыр ма, қандай жауапкершілікке тартылады? Бұл жайлы мүлде хабар жоқ.

98-автобусты айдаған менің жолдасым. 201-дің жолындағы жаяу жүргінші жолынан адам өтіп бара жатыр. Жан-жағындағы машиналардың бәрі тоқтап тұр. Ал, автобус «жын ұрғандай» ортаңғы жолмен барып, менің жолдасымның «бүйірінен» қақ соғады. Ең әуелі, автобус неге өз сызығымен жүрмеген? Мұның бәрін көрмейтін департамент соқыр ма? "201-автобусқа жасыл жанған. 98 барып соқтығысқан" дейді. 98 барып соқтығысып тұрған жоқ. Жолдан өтіп бара жатыр. 201-автобус жарты секунд күтсе, ештеңе болмас еді. 201-автобус авариялық жағдайдан қашуға тіпті тырыспаған", — дейді Гүлзира Пулатбекова.

Және жолдасының қазіргі жағдайына алаңдаулы екендігін жеткізді. 


"Алғашқы күннен бастап қасақана кісі өлтіргендей жолдасымның қасына Амондарды күзетке қойып қойды. Телефонын тартып алыпты. Біз байланыса алмай отырмыз. Денсаулық жағдайы дұрыс болмай жатып 2 айға қамауға үкім шығарып тастады.

Дәл қазір ең бастысы жолдасымды тергеу амалдары біткенше үй қамаққа шығарып алуды мақсат етіп отырмыз. Ал, заң қызметкерлері дәрігерлердің «жағдайы жақсарды» деуін аңдып отыр. Сол сәтте қамап тастамақшы. Соншалық қайда асығып отырғандарын түсінбедім. Жолдасымның жүргізуші болып жұмыс істеп келе жатқанына 12-13 жыл болды. Осыған дейін атына бірде-бір арыз түсіп көрмеген. Осыған дейін ешқандай құқық бұзушылыққа қатысы болмаған", — деді ол.

Соңғы жаңалықтар