Ә. Жақсыбеков ТМД елордалары және ірі қалалары Халықаралық Ассамблеясының вице-президенті болып тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ә. Жақсыбеков ТМД елордалары және ірі қалалары Халықаралық Ассамблеясының вице-президенті болып тағайындалды

Ә. Жақсыбеков ТМД елордалары және ірі қалалары Халықаралық Ассамблеясының вице-президенті болып тағайындалды

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековке Мәскеуден ТМД елордалары мен ірі қалалары

  • 25 Маусым 2015
  • 448
Фото - Caravan.kz

Халықаралық Ассамблеясының бас директоры В. Селивановтың атынан жеделхат келді.

Жеделхатта Халықаралық Ассамблеяның ХХІІІ сессиясының шешімімен Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков аталмыш ұйымның вице-президенті болып тағайындалғаны туралы айтылған.

Бас директор Астана әкімін Ассамблея атынан осы оқиғамен құттықтап, нәтижелі серіктестік пен Халықаралық Ассамблеяда Қазақстан астанасы мен ірі қалалары лайықты өкілдік ететініне сенім білдірген, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.