А320 стюардессасы теңізге батып бара жатқан ұшақ фонындағы қыздың суретін жариялаған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А320 стюардессасы теңізге батып бара жатқан ұшақ фонындағы қыздың суретін жариялаған

А320 стюардессасы теңізге батып бара жатқан ұшақ фонындағы қыздың суретін жариялаған

EgyptAir әуекомпаниясына тиесілі  A320 лайнерінің стюардессасы Самар Эзз Эльдин апаттан бірнеше ай бұрын өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында батып бара жатқан ұшақ фонында түскен суретін жариялаған. Al-Masry Al-Youm жаңалықтар порталының хабарлауынша, монтаждалған суретте стюардесса қолындағы шабаданымен теңізден шығып келе жатқаны, ал артқы жағында теңізге батып бара жатқан ұшақ бейнеленген. Стюардессаның таныстары бұндай фотомонтаждың қателік болғанын айтуда, себебі осы қылығы арқылы Самар өз-өзіне және борттағыларға жаман ырым шақырған.

  • 20 Мамыр 2016
  • 405
Фото - Caravan.kz

Айта кетейік, бұл ұшақ апатынан кейінгі жалғыз адам шошытарлық сәйкестік емес. Әлеуметтік желілерде адамдардың көбі апатқа ұшыраған рейстің MS804 нөміріндегі 804 санына назар аударуда. Себебі тура 804 күн бұрын малайзиялық «Боинг» ұшағы жоғалған болатын.