“Қазақтың жігіттеріне күйеуге шықпаңдар деп жатыр”: Этнограф қоғамдағы үрдіске алаңдады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.73
  • € 502.98
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Қазақтың жігіттеріне күйеуге шықпаңдар деп жатыр”: Этнограф қоғамдағы үрдіске алаңдады

“Қазақтың жігіттеріне күйеуге шықпаңдар деп жатыр”: Этнограф қоғамдағы үрдіске алаңдады

Этнограф, тарихшы Тұрар Сәттарқызы қазақтың салт-дәстүрі мен бала тәрбиесіне қатысты пікір білдірді.

  • 5 Қазан
  • 10
Фото - Видеодан скрин

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол “Adam Adam” YouTube арнасына берген сұхбатында сахнада қазақы құндылықтарға қайшы әрекеттерді насихаттауға қарсылық білдірді.


“Кешью тобының продюсерімен де, басқасымен де бас араздығым жоқ. Бірақ ол кісілер бала тәрбиесінде, қазақтың құндылығына қатысты дүниелерге тиіссе,  мен айтамын. Олар ұрпақ тәрбиесінің кері кетуіне әсер етіп жатыр. Нақтырақ айтсам, ер адамның бас киімін жерге тастауға, аяғынан аттауға болмайды. Ол — әйелді төмен санау емес. Қазақ қоғамында екеуінің де құқығы тең. Бірақ, ел шетіне жау тисе, бізді ер азаматтарымыз қорғайды. Ал біз ер азаматты басынан теуіп, үстінен аттап жатқан дүниені насихаттасақ, сахна мәдениеті қайда?! Жалпы әйел болсын, еркек болсын сахнада тебу деген масқара!”, — дейді ол.

Сондай-ақ ол әлеуметтік желілерде қазақ жігіттерін төмендететін пікірлердің көбейгеніне алаңдайтынын жеткізді.

“Қазір Threads желісіне кірсеңіз, қазақтың ер азаматтарын төмен түсіріп тастаған. “Қазақтың жігіттеріне күйеуге шықпаңдар, олар абьюзер, қатыгез, шетелдікке шығыңдар” деген насихат жүріп жатыр”, – деді Тұрар Сәттарқызы.

Этнограф қоғамда жасы үлкен әйелдер мен өзінен әлдеқайда кіші жігіттер арасындағы қарым-қатынасқа қатысты да пікір білдірді.

“Ауқатты, қызметтегі үлкен әйелдер өздеріне жасы кіші жігіттерді алдырады екен. Бұрын ер азаматтар өздерінен кіші әйелдерді ұнатушы еді. Қазір оны тоқал деп жүр ғой. Тоқал емес. қазақта ұят та болса “ойнас” деген сөз бар. Өздері сондай үлкен әйелге баратын жас жігіттер бар екен. Қазақтың “сені туғанда шешең қалжа жемеп пе еді?” деген сөзі бар. Ол қазақтың жігіттеріне өте төмен әрекет. Оларды шақыратын әйелдерге де сөзім жоқ. Мұндай әңгімені көбіне жас, студент жігіттерден естимін. Бұл да қоғамның дерті, өте лас дүние. Қазақтың әйелдері қалай баласындай баламен жүреді?! Мұндайлар елге сөз айтып жүргендердің де арасында бар дейді. Өте өкінішті, жүректі ауыртатын жағдай”, — дейді ол.