"Абай" шахтасындағы апатқа байланысты ҚР төтенше жағдайлар мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік қадағалау комитетінің төрағасы отставкаға кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Абай" шахтасындағы апатқа байланысты ҚР төтенше жағдайлар мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік қадағалау комитетінің төрағасы отставкаға кетті

"Абай" шахтасындағы апатқа байланысты ҚР төтенше жағдайлар мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік қадағалау комитетінің төрағасы отставкаға кетті

Қарағанды. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "Абай" шахтасындағы апатқа байланысты ҚР төтенше жағдайлар мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік қадағалау комитетінің төрағасы Нұрахмет Бижанов отставкаға кетті. Бұл туралы бүгін Қарағандыда өткен баспасөз мәслихатында төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Қаңтар 2008
  • 481
Фото - Caravan.kz

Сонымен бірге, төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік қадағалау басқармасының бастығы Қайырбек Құйқабаев жұмыстан босатылды.

«Әрине, бұл әрекеттердің бәрі «Абай» шахтасында болған қайғылы оқиғаның түпкілікті қорытындысы болып табылмайтыны түсінікті», — деді вице-министр.

«Таяу уақыттарда құтқарушылардың жалақысын көтеру мәселесі оң шешімін табуы мүмкін, министрлік бұл мәселемен үкімет аясында айналысып жатыр. Бүгінде құтқарушылардың жалақысы еңбек өтілі мен класына қарай 30 — 50 мың теңгені құрайды», — деді В. Петров.

Вице-министрдің айтуынша, қазір төтенше жағдайларға қатысты барлық қызметтерді модернизациялау мәселесі дәйектелуде. Онда негізгі 12 бөлім бар, олардың арасында құтқару қызметтерін дамыту, жабдықтау, басқару тетіктерін жетілдіру шаралары, соның ішінде Қазақстанда құтқару орталықтарын құру мәселелері бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті