"Абайды сынауға болады" Дархан Әбдікұлы ақынды орыс отаршылары туралы айтпады деп сынады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Абайды сынауға болады" Дархан Әбдікұлы ақынды орыс отаршылары туралы айтпады деп сынады

"Абайды сынауға болады" Дархан Әбдікұлы ақынды орыс отаршылары туралы айтпады деп сынады

Белгілі журналист Дархан Әбік Нартай Аралбайұлына сұхбат берді.

  • 7 Маусым 2021
  • 152
Фото - Caravan.kz

Дархан мырзаның Абай туралы айтқан пікірі оқырманды ойландырып тастады.

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Бір жылдары берген сұхбатыңызда: 

"Адамды сынау, Абайдан қалған дәстүр. Оның өлеңдерін оқысаң барлығына қазақтың өзі кінәлі сияқты. Адамды сынау оңай, ал қоғамды сынау күреске түсумен тең. Абай қазақты емес, Ресейдің отаршылық саясатын сынау керек еді.",- деген екенсіз.

Сонда бұл Абайдың еткен еңбегіне, жазған кітабына қарсы шығу ма?!

— Жоқ, бұл Абайды түсінуге тырысу. Абайды оқығаннан кейін ойланамын, оқымасам олай айтпас едім. Неге Абайдың өлеңдерінде саяси отаршылық айтылмаған. Неге қазақтың өзін жазғыра береді. Таза ұлттық тұрғыдан қарасақ, қазақ орыс құрлы жоқ, ноғай сияқты емес дей берген. Неге өз ұлтына сонша наразы? Соны түсінгім келеді. Мүмкін 30-жылдары Абайдың өлеңдерін жазып жатқанда редакция өздері қосып жіберді ме? Әлде шынымен халқынан қатты көңілі қалды ма?!  Менің түсінгім келетіні осы. Түбінде ешқандай жазғыру жоқ. Біреуді жазғыруға қарсымын. Мен тек түсінуге талпындым. Абайға қарсы шыққан адамды қоғам көтере алмайды. Жәй-жәй сын айтып, халықтың ойын өзгерту керек. Абайды сынауға да, талқылауға да болады.