"Абайдың әрбір екінші поэзиясының артында шешеңді сі**ейін деген сөз тұрады" - Актер Нышанбек Жұбанаев - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Абайдың әрбір екінші поэзиясының артында шешеңді сі**ейін деген сөз тұрады" - Актер Нышанбек Жұбанаев

"Абайдың әрбір екінші поэзиясының артында шешеңді сі**ейін деген сөз тұрады" - Актер Нышанбек Жұбанаев

Танымал театр және кино актері Нышанбек Жұбанаев журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында Ұлы Абайдың өлеңдері туралы өз ойын айтты.

  • 13 Желтоқсан 2021
  • 3145
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Нартай Аралбайұлы актер Нышанбек Жұбанаевқа былай деп ерекше сұрақ қойды:

"Мен сіз сомдаған рөлдердің ішінде таң қалған дүнием болды. Ол "Sheker" сериалына қатысты. Қараңызшы, Қуат жалаңаш қызды тізесіне отырғызып сипалап, құшақтап отырады да: "Ғашықтың тілі — тілсіз тіл", — деп Абайды оқиды. Ойлаңыздаршы, тағы біреуінде Абайды бастайды "Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да", — деп ескірткіні тартып жіберіп "Ай, сука, ал", — дейді. Қалай, Хакім Абай мен боқтық сөзді қатар қойдыңыздар? Не үшін? Мұнымен не айтқыларыңыз келді?", — деп сұрақ қойды журналист.

Актер бұл сұраққа былай жауап берді:

"Мен бір рет Абай туралы спекталь қойдық, осыдан бастайық. Ол Мұхтар Әуезовтың "Абай" пьесасы емес. Ол Иран-Ғайыптың "Мен ішпейтін у бар ма?", — дейтін Құнанбай атамыз бен Абай атамыздың қақтығысы туралы емес, мен өзімнің ойымнан Абай атамыздың поэзиясынан, Абай атамыздың қара сөзінен және де Абай атамыздың өмірінен қосып инсценировка жасадым. Аллаға шүкір, өте сәтті болды деп айта аламын, КБТУ-да қойғанмын оны. Сол кезде, тіпті академияда жүрген кезде, ұстазым айтатын. Ұстазым Абайды, Құнанбайды ойнаған, Абайды біраз зерттеген кісі. Мені Абайға жақын қылған сол кісі. Сол кісі айтатын "Сен Абайдың әрбір екінші поэзиясын оқитын болсаң шешеңді сі**ейін деген сөз тұрады астарында", — дейтін. Қой дейтінмін. Сіз Абайдың кітабын алыңыз да, қайтадан сондай тұрғыда оқып көріңізші, астарында сондай бар ма деп "М м (таң қалып)", — дейсіз. Ондай боқтық сөз тіпті қара сөзінде де бар. Мәселен, боқтықта емес, аяқ астынан біз неге періште бола қаламыз? Ақындардың ең көп боқтайтынын сіз де, мен де, бәрі біледі. Неге өтірік айтамыз", — деді актер.

Журналистің "Бұл Абай ғой", — дегеніне Нышанбек Жұбанаев  "Ну и что?", — деп жауап берді.

 

Соңғы жаңалықтар